Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпанда Қазақстанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар жауады, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел 15-23, күндіз кей жерлерде 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, кей жерлерде екпіні 30 м/с күшейеді.
Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады.

Соңғы жаңалықтар