Сәрсенбіде елімізде жел күшейеді, солтүстік өңірлерде боран соғады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қарашада Қазақстанның басым бөлігі белсенді фронтальды аймақта орналасқандықтан, қар жауады. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, бұрқасын соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі жел 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын болады, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең көктайғақ болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар