+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай болады

2021 жылғы 22 қыркүйек 02:21
Бөлісіңіз:
Сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбіде елімізде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді, тұман түсіп, түнде кей өңірлерді үсік жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

22 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде фронтальдық ағындардың ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, соған байланысты жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында күн бұлттап, найзағай жарқылдайды, солтүстігінде аздаған жаңбыр, қар жауады. Тек еліміздің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында күн райы ашық болад. Еліміздің солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түсуі ықтимал.

Қостанай облысының солтүстігінде және солтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Түркістан облысында күн бұлттап, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында 2-4 градус үсік жүреді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT