+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Сәрсенбіде ауа райы қандай болады

2020 жылғы 26 ақпан 07:25
Бөлісіңіз:
Сәрсенбіде ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 26 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда сәуір айы жаңбырлы болады 2-4 сәуір күндері найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады Сәуір айының соңында күн оңтүстік өңірлерде +30 градусқа дейін ысиды

«Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік және орталықтың кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз оңтүстікте найзағай күтіледі», делінген болжамда.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, Ақтөбе, Қарағанды, күндіз Павлодар, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Маңғыстау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан облысында - тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/ скүшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT