Сәрсенбі күні Қазақстанның 8 қаласында ауа сапасы төмендейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 11 сәуір күні Қазақстан қалаларында ауа сапасына ықпал етуі мүмкін жайсыз метеожағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтау, Жаңаөзен, Алматы, Астана, Атырау (күндіз), Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемендегі метеожағдайлар атмосферадағы ластаушы заттардың ыдырауына ықпал етеді.

Ал, Ақтөбе, Атырау (түнде), Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Орал, Шымкент қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді.

ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

Соңғы жаңалықтар