Сәрсенбі күні Қазақстанның 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 6 маусым күні қалыптасатын метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 6 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Талдықорған, Теміртау, Шымкент қалаларында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар