Сәрсенбі күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 10 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Елдің орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел тұрады. Күндіз бұршақ пен дауыл болжанады. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл болады. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидрометке» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының таулы аудандарында және Алматы облысында қатты жаңбыр күтіледі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар