Сәрсенбі күні демалудың пайдасы көп - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австралияның бірнеше компаниясы апта сайын сәрсенбі күнінде қызметкерлеріне демалыс береді. ВВСбасылымының жазуынша, төрт күндік жұмыс аптасымен жұмыс істесе де, оларға толық жалақы төленеді.

«Мұндай компаниялар дүйсенбі, сейсенбі жұмыс істеп, сәрсенбі демалады. Содан кейін бейсенбі, жұма жұмысқа шығып, сенбі, жексенбі қайта демалады. Компания басшылығының айтуынша, мұндай күн тәртібі қызметкерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға әсер еткен», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, мұндай жүйе былтыр шілде айында енгізілген. Сол уақыттан бері австалиялық компанияның табысы 46% көбейген.

«Басында тәжірибе енгіздік. Егер нәтиже болмаса, бұрынғы жұмыс тәртібіне көшетінімізді айттық. Дегенмен, қазір қызметкерлердің денсаулығына байланысты демалыс алуы азайды, көңіл күйлері жақсарды»,- депті компания басшылығы.

Мақала авторының жазуынша, Джаррод Хаар есімді профессор да төрт күндік жұмыс аптасының сәтті болатынын, әсіресе сәрсенбі күні демалудың пайдасы көп екенін анықтаған.

«Жаңа Зеландиядағы Окленд технологиялық университетінің адам ресустарын басқару профессоры Джаррод Хаардың айтуынша, апта ортасында демалу қызметкерлердің сергектігі мен жұмыс өнімділігін сақтап қалады. Көп жағдайда бейсенбі күнге қарай қызметкерлердің көбі өзін шаршаңқы сезінеді. Ал сәрсенбі күнгі демалыс оған жол бермейді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, экономист Джон Мейнард Кейнс 1930 жылы жұмыс аптасы 15 сағатқа дейін қысқаратынын болжаған. Шамамен жүз жыл өткен соң көпшілігі жұмыс аптасының құылымын қайта қарастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар