+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы

2019 жылғы 7 тамыз 07:13
Бөлісіңіз:
Сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жоғары атмостфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен 7 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонның әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жекелеген өңірлерде желдің күшейюі, дауыл, шаңды дауыл және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай облысында, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Ал Алматы облысында өте қатты ыстық болатыны болжанады.

Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT