Сәрсенбі күнге ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 сәуір күні атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аумағында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде тұман сақталады. Оңтүстікте жел жылдамдығының артуы, найзағай және бұршақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, түнде және таңертең Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артатыны күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында желдің екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, сондай-ақ тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар