Саркози 2007 жылы Каддафи қаржысын пайдаланды деген ақпарат таратқан агенттікті сотқа берді

None
None
АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - 2007 жылы Франция президентінің сайлауалды компаниясын Муамар Каддафи қаржыландырды деген ақпарат таратқан «Медиапарт» тәуелсіз ақпарат агенттігін Николя Саркози сотқа берді.

Париж прокуратурасы дүйсенбіде жалған мәлімет тарату айыптауы бойынша тексерулерге кірісті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.

Өткен аптада «Медиапарт» Николя Саркозидің сайлауалды қажеттілігіне 50 млн. еуро көлемінде қаржы бөлінгендігі жайында құжатты жариялады.

«Бұл масқара. Муамар Каддафидің ұлы мен арнайы қызметіне  сенетін журналистердің бар болғандығын көзге елестету қиын»,-деді Франция президенті. Мемлекет басшысының пікірінше, өз мақсатына пайдалану тұрғысындағы осындай деректерді тарату Социалистік партияның саяси оппоненттерінің тарапынан ұйымдастырылған айла болып табылады.

Соңғы жаңалықтар