Сарқанның 98 жастағы тұрғыны референдумда дауыс берді

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысы Сарқан ауданы Қойлық ауылында тұратын 98 жастағы екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Берлібек Ысқақұлы көппен бірге өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсақал еліміздің жаңа дәуірге қадам басып, Ата Заңымыз әрқашан халық мүддесіне жұмыс жасайтынына сенімді.

«Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей алаңдаумыз керек. Менің жасым жүзге таяп қалсада ешқашан сайлаудан тыс қалған емеспін. Сайлауға әр азаматтың баруы міндетті деп білемін. Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум – еліміздің кемел болашағын айқындап, Жаңа Қазақстанның жаңғырар уақыты. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр отбасына береке-бірлік тілеймін!» - деді соғыс ардагері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жаркенттік 100 жастағы кейуана референдумға келіп, дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар