Сарқан ауданында тұрғындардың жаппай судан уланғаны туралы ақпарат - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жетісу облысының Сарқан ауданында тұрғындардың жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті - Жетісу облысы Сарқан ауданының тұрғындары жаппай судан уланып жатқаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сарқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде судағы микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштер санитариялық нормаға сәйкес келетіні анықталды. Сонымен қатар, тұрғындар аудандық ауруханаға улану туралы шағымдарымен жүгінген жоқ», - деп түсініктеме берді Ержан Байтанаев.


Соңғы жаңалықтар