USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Сарқан ауданында дәрілік шөптерден 150 тоннаға жуық өнім жиналды

2021 жылғы 26 қараша 21:40
Бөлісіңіз:
Сарқан ауданында дәрілік шөптерден 150 тоннаға жуық өнім жиналды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан ауданында дәрілік шөптерден 149 тонна өнім жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы-Өскемен тас жолында көлік апатынан ер адам қаза тапты Талдықорғанда ер адам көшеден тауып алған 11 тапанша мен 1  автоматты полицияға тапсырған Талдықорғандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Кербұлақ ауданының 6 тұрғыны қару ұрлаған

«2010 жылы құрылған «AZIA GOLD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі табанды еңбектің арқасында алқап аумағын ұлғайтып, биылғы жылға 490 гектарға жеткізген. Алқаптардың басым бөлігіне көп жылдық валерьянка, жалбыз, түймедақ, календула, долана сияқты шипалы шөптер бар. Ал биылғы жылы алғаш рет 49 гектар жерге мия (солодка) тұқымы себілген.

Жетісу өлкесінде тек біздің ауданда ғана өсетін дәрілік шөпке сұраныс өте жоғары«,- делінген Сарқан ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған мекеме өнімдерін Ресей, Германия және Түркия елдеріне экспорттайды.

«Биылғы жылы өнім жақсы шықты. Жиын-терінді толығымен аяқтадық. Қазіргі таңда жиналған дәрілік шөптерді тазартып, кептіріп, ұнтап, қапқа салып шет елдерге шығаруға дайындап жатырмыз. Келешектегі жоспарымыз зауыт салу. Зауытты жеке қаражат есебінен Martin Bauer Group 192,7 млн теңге қаржыландырмақ. Сондай-ақ, зауытта 35 адамға тұрақты жұмыс орны қарастырылған», - деді кәсіпорын басшысы Алексей Викторович.

Ерекше күтімді қажет ететін емдік шөптер 149 га себіліп, тамшылатып суғарылады.

«2018 жылы мемлекеттің қолдауының нәтижесінде 211 млн.теңге субсидия беріліп, жүзеге асқан тың жобаның бірі»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, алдағы жылы Қарғалы ауылында аталған серіктестік дәрілік шөп өндіру зауытын ашуды жоспарлап отыр. Жобалық құны 442,7 млн теңге.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT