Сарбаздар Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында бүгін қарттар күніне және Ұлттық ұлан 5449 әскери бөлімінің құрылғанына 49 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Мәдени шара барысында Ұлттық ұлан сарбаздары ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кету керек, ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесіне жүздеген ардагер мүше. Олардың ішінде ондаған Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ішкі әскер ардагерлері бар.

«Олардың барлығы қарттықтың қиындығына мойымай, әскери бөлімдердің тыныс-тіршілігіне белсенді араласуда. Жеке құрамға әскери-патриоттық тәрбие беру, жас сардарларға жол сілтеу, бағыт-бағдар беру, қызметтік-жауынгерлік міндетті сапалы орындауға жұмылдыру ісінде ардагерлердің орны ерекше. Сарбаздар мен сардарлар ардагер ақсақалдарға қамқор пейілдері үшін алғыс білдірді», - деді баспасөз хатшысы Дархан Мұқан.

Жарты ғасырға жуық тарихы бар 5449 әскери бөлімі арнайы моторландырылған батальоннан бүгінде Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басқармасы деңгейіне дейін өсіп отыр. Әр жылдары бөлім жауынгерлері жауапты тапсырмалар орындап, мемлекеттік наградаларға ие болған. Бүгінде өңірлік қолбасшылық құрамына Алматы қаласы және облысы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында орналасқан 11 әскери бөлім кіреді.

Салтанатты шарада Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесі мен басқармасы атынан қарияларға сый-сыяпат жасалды.

Сонымен қатар, 5449 әскери бөлімнің құрылған күніне орай үздік әскери қызметшілер марапатталды. Отырыс соңында ардагерлер әскери бөлімдердің көркемөнерпаздар ұжымының концерттік бағдарламасын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар