+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

«Сарбаз» газеті 90 жылдығын атап өтті

2019 жылғы 7 қараша 20:57
Бөлісіңіз:
«Сарбаз» газеті 90 жылдығын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін еліміздің басты әскери басылымы «Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық газетіне 90 жыл толды. Дәл осы күнді редакция ұжымы басылымның негізін қалаған, басылымда еңбектері жарық көрген қаламы қарымды журналистерді еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар қандай газет-журналдарды жиі оқиды

90 жыл ішінде газет Қазақстандағы әскери баспа журналистиканың қалыптасуына сүбелі үлес қосты. Оның маңызын ескере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігі мерейтойға орай әскери журналистика саласындағы «Әскер Медиа-2019» сыйлығын тапсыру жөнінде шешім қабылдады.

Оның тарихы Қазақ әскери комиссариаты мен «Еңбекшіл қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») баспасының «Qьsul әѕкег» қазақ әскери газетінен бастау алды. Ол аптасына бір рет латын қарпімен қазақ тілінде шығып тұрған.

Кейін 1969 жылы 1 қарашада Алматы қаласында газет «Жауынгерлік ту» деген атпен жарық көре бастады. Сол кезде әр округте өзінің баспа органы, соның ішінде Орта Азия әскери округінде болды. 20 жыл газет әскер өмірінің жылнамасын жасады. 1989 жылдың мамыр айында округтің таратылуына байланысты басылымның шығарылуы да тоқтатылды, ал редакция таратылды.

Тәуелсіздік алғаннан бастап баспа әскери журналистикада жаңа тарих басталды. «Жауынгерлік ту» газетінің негізінде ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық баспа органы – «Қазақстан сарбаздары - Воин Казахстана» газеті ашылды. Бірінші нөмір 1992 жылдың 16 желтоқсанында, сәрсенбі күні қазақ және орыс тілдерінде шықты.

«Қазақстан сарбаздары» еліміздің негізгі әскери басылымына айналды. Бірінші нөмірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті орын алған оқиғаның маңызын атап өтті.

«Газет республиканың қорғаныс мүдделерін және қарулы қорғаушыларын, оның Достастық мемлекеттерімен тиімді байланысын білдіруші болуға тиіс. Жастардың өз әскери борышын адал атқаруға ұмтылысын оятып, Отан алдындағы батырлық негізінде патриоттық рухта тәрбиелеу маңызды», - деп атап өтті ол.

Газеттің бірінші редакторы подполковник Виль Рахманқұлов болды.

Басылымда көптеген талантты және танымал журналистер жұмыс істеді. Олар - Сапарғали Жағыпаров, Григорий Красилов, Николай Завьялов, Николай Мальцев, Александр Бавтуто, Василий Даньшин, Людмила Бондарцова, бүкіл Орталық Азияда танымал әскери фототілші Виктор Дубровченколар. Газетте бұрынғы майдангер тілшілер - Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов, белгілі жазушы, ақын Сағынғали Сейітов қызмет етті.

Қазіргі таңда редакция штатында 10 журналист пен облыстағы өңірлік өкілдер жұмыс істеуде. Газеттің бас редакторы Батырхан Қуатбектің басшылық етуімен газет өзінің болмысы мен әскери журналистика дәстүрін сақтай отырып, заманауилығы мен бәсекеге қабілетін жоғалтпаған.

«Сарбаз» газетін оқи отырып оқырмандар әрқашан қазақстандық әскердің қызметі, әскери оқу-жаттығулар мен әскеи қызметшілердің жетістіктері жайынды ақпаратты оқып, өзге елдердегі әскер саласындағы оқиғалардан хабардар болып, Қазақстан Қарулы Күштеріндегі қару-жарақ пен әскери техникаға қатысты мағұлматтарды біле алды. Сонымен қатар газеттің электронды нұсқасы sarbaz.kz порталы мен мобильді қосымшасында қол жетімді.










Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT