Сараптама Рудныйда көз жұмған 6 жасар егіз балалардың уланғанын растады

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда ағайынды екі бүлдіршіннің өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рудныйда балалар өлімі фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіліп, балалардың улану фактісі расталды. Тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалды, ол тергеу барысында сарапшыға қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ҚазАқпарат Рудныйда алты жасар ағайындылардың ауруханадан шыққан соң кенеттен қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Кейіннен рудныйлық екі ағайындының өліміне полицейлер түсініктеме беріп, токсикологиялық сараптама тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар