Сарапшылар төтенше жағдай кезінде СМС-хабарландырудың тиімділігіне күмән келтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ТЖК өкілдері СМС-хабарландыру жүйесінің неге тиімді жұмыс жасамайтынын түсіндірді. Қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров СМС-хабарландыру жүйесін тиімсіз деп атады.

«СМС-хабарлама бір мезетте 300 мың адамға жіберіліп отырады. Екінші топқа кезек келгенше 30-40 минут уақыт өтеді», - деді Серік Әубәкіров. ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Валерий Петровтың айтуынша, СМС-хабарландырудың мәселесі 2 жылдан соң толығымен шешімін табады. «Екі жылдан соң елімізде барлық технологиялық каналдар арқылы бір уақытта СМС жіберуге мүмкіндік беретін арнайы құрылғы орнатылады. Хабарландыру жүйесін жаңғырту бағдарламасына сәйкес, СМС-хабарландыру сол кезде ғана тиімділігін көрсетеді. Бірақ бұл да өте көп шығынды, ұялы байланыс операторларының техникалық құралдарын жаңғыртуды талап етеді. Қазіргі СМС-хабарландыру жүйесін пайдалану керек пе, пайдаланбау керек пе? Ол өзінше бір сұрақ», - деді В.Петров. Қалалық ТЖД басшысы Серік Әубәкіров халыққа төтенше жағдай туралы хабарландырудың жаңа жүйесі енгізілгенін жеткізді. «Ендігі кезекте қалалық ТЖД сандық телеарналардың эфирін пайдаланып, жедел хабарлама беретін болады. Оны 112 пультында отырған кезекші оператор да жасай алатын болады. Бұл жүйе тестілік режімде кеше болған жер сілкінісінен соң пайдаланылды», - деді С.Әубәкіров. Сондай-ақ қалалық ТЖД басшысы Алматы халқын құлақтандыруға тағы 600 электрдабыл құрылғысы керек екендігін айтты. Қазірдің өзінде қалада 244 электрдабыл құрылғысы жұмыс істеп тұр. Бүгін Алматыда «Орталық Азия және Оңтүстік Кавказдағы сейсмикалық тәуекелді басқару проблемалары» ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жиын барысында алыс-жақын шетелден келген азаматтық қорғаныс саласының мамандары жер сілкінісінің қаупін азайту тетіктерін қарастырады.

Соңғы жаңалықтар