Сарапшылар Шымбұлақ курортының жоспардан неліктен алынып тасталғанын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы 2022 өтінім комитеті төрағасының орынбасары Андрей Крюков Шымбұлақ курортының жоспардан неліктен алынып тасталғанын айтты.

Оның айтуынша, Шымбұлақ Халықаралық шаңғы спорты Федерациясы талаптарына сәйкес келмей тұр.

"Шымбұлақты реконструкциялауға өте үлкен қаржы, инвестиция талап етіліп отыр. Оның орнына біз балама ретінде Алматау нысанын ұсындық. Алматау 1970 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан туристік база. Бұл ең сұлу таулардың бірі. Онда жоғары деңгейдегі спорттық сайысты өткізуге болады", - деді А.Крюков.

Оның айтуынша, ХОК өкілдері Алматауда жолаушылар ағынын жақсартуға, техникалық ахуалды нығайтуға ұсыныс берген.

Бұған дейін өтінім құжатында Шымбұлақты реконструкциялауға 100 млн. доллар көрсетілген болатын. Ендігі кезекте ол қаржы анағұрлым оңтайландырылып, өзге нысандарға салынатын болды.

Соңғы жаңалықтар