+7 (701) 759 90 19
USD 427.55 EUR 515.84
RUB 5.75 CNY 66.24
Jańalyqtar

Сарапшылар мен саясаттанушылар «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын талқылады

2020 жылғы 24 қараша 17:13
Бөлісіңіз:
Сарапшылар мен саясаттанушылар «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының Мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасын сарапшылар қауымдастығының өкілдері, белгілі саясаттанушылар, қоғам белсенділері мен экономистер талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың арасында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова, Экономикалық зерттеулер институтының төрағасы Руслан Сұлтанов, саясаттанушылар Айдос Сарым, Максим Казначеев, Ислам Кураев және Расул Жұмалы, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Саиров, Қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы Рахым Ошақбаев, сарапшылар Ярали Халилов, Нұрлан Махмудов, Белла Гадзиева, Ләззат Нұрқатова және тағы басқалары бар.

Кездесуде сөйлеген «Nur Otan» хатшысы Арман Қырықбаевтың атап өткеніндей, Елбасы-партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай жұмыс тобы Үкіметпен бірге екі ай ішінде, бұрынғы тәжірибе мен әлемдік трендтерді ескеріп, қоғамның сұранысын назарға ала отырып, бағдарламаны пысықтады.


Еліміз бойынша 70-ке жуық фокус-топтар өткізілді, соның аясында мемлекеттік орган қызметкерлерінің де, партиялықтардың да сұранысы мен талап-тілектері зерделенді.

Егер бағдарламаның бастапқы жобасы салалық сипатқа ие болса, пысықталғаннан кейін бесжылдық құжатта халықтың барлық тобының сұранысы барынша қамтыла түсті.

Бұл ретте «Nur Otan» партиясының бағдарламасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасына және халыққа арнаған Жолдауында көрсетілген міндеттеріне негізделген. Аталған құжаттардағы тұжырымдамалық идеялар партияның сайлауалды бағдарламасының нақты индикаторларында, шаралары мен міндеттерінде көрініс тапты.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, «Nur Otan» партиясының бағдарламасы пандемиядан туындаған күрделі экономикалық ахуалға қарамастан ауқымды бола түскен. Сонымен бірге олар «Nur Otan» партиясының республикалық партияішілік сайлау ауқымында өткізген праймеризін жоғары бағалады.


Сарапшы Белла Газдиеваның айтуынша, праймериздің арқасында азаматтардың өзекті ұсыныстары мен талап-тілектері жиналып, бағдарлама жобасына енген. Өз кезегінде саясаттанушы Максим Казначеев партия алдағы сайлау науқанының күн тәртібін айқындап алғанын атап өтті.

«Бұл бағдарлама партияның дағдарыс жағдайына жедел ден қоя отырып, уақытпен қатар қадам басып келе жатқанын көрсетеді. Өткен праймериз партияның жүйелі жаңаруға дайын екенін дәлелдеді. Партияішілік іріктеу барысында белсенді тұлғаларды анықтауға мүмкіндік туды. Партияға жаңа мүшелер, оның ішінде өз саласының танымал тұлғалар кірді. Өңірлердегі пікірталастарда бағдарламалардың қызу талқылануы қорытынды құжатта нақты проблемалардың ескерілетінін білдіреді», - деп атап өтті Максим Казначеев.


Кездесу қорытындысында қатысушылар өздерінің бірқатар ұсынысын алға тартты. Партия хатшысы Арман Қырықбаевтың айтуынша, олардың барлығы қаралып, ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» әр өңір, қала және аудан бойынша 216 сайлауалды бағдарламаның жобаларын әзірледі.

Жобалар өңірлердегі, оның ішінде елдің ең шалғай елді мекендеріндегі халықпен кездесулердің қорытындылары бойынша қалыптастырылған түйінді мәселелер картасы негізінде әзірленді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бағдарламалардың барлық жобалары праймериз барысында тұрғындармен кеңінен талқыланды. Қабылданған өңірлік бағдарламаларда азаматтардың 17 мың ұсыныс пен ескертулерінің 80% астамы ескерілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT