Сарапшылар Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолуға кірісті

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада АЭХА сарапшылары Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолу миссиясына кірісті. Миссия жұмысын 31 наурызда аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АЭХА миссиясын Ядролық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің сарапшылары Мехмет Джейхан мен Тибо Рейсет, сонымен қатар Ұлыбританиядан сыртқы сарапшы Стивен Мортин ұсынады.

Іс-шараны Қазақстанның энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов ашты.

Миссия жұмысына Қазақстан тарапынан да өкілдер қатысуда – Энергетика министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «ҚАЭС» ЖШС, ҰЯО, ЯФИ және ҰТО ЯҚТ.

АЭХА ұсынымдарына сәйкес ядролық-энергетикалық бағдарламаны дамытудың бірінші кезеңінде АЭС салу бойынша шешім қабылданғанға дейін ядролық энергияны қауіпсіз, сенімді және орнықты пайдалануды әзірлеу мен енгізу жөніндегі маңызды құрал болып табылатын Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйін бағалауды жүргізу қажет.


Соңғы жаңалықтар