Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Сарапшылар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігін талқылады

2018 жылғы 5 желтоқсан 20:30 42
Бөлісіңіз:
Сарапшылар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелігін талқылады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель қаласында Еуропарламент депутаттары, дипломатиялық корпус және сарапшылар қауымдастығының өкілдері Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігінің қорытындыларын талқылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Ұқсас жаңалықтар
Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді ТМД Үкімет басшыларының келесі отырысы Түрікменстанда өтеді

Бельгия астанасында «Жаһандық Қазақстан өзара байланысқан әлем үшін» тақырыбымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мүшелігінің қорытындыларына арналған. Шараны Азиялық зерттеулердің еуропалық институты мен Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі ұйымдастырды.

Өз сөзінде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жұмысы кезінде жеті басымдығын атап өтіп, халықаралық ұйымдағы Қазақстаннан «мұра» болып қалған бірнеше мәселені атады. Атап өткенде, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі төрағалығы кезінде 2018 жылдың қаңтар айындағы басты шара - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау: сенім шаралары» тақырыбымен жоғары деңгейдегі тақырыптық брифинг болып өтті.

Тағы бір маңызды шара - қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалық етуімен «Ауғанстан мен Орталық Азияда аймақтық серіктестікті қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісінде құру» тақырыбымен министрлік деңгейінде дебаттар өткізілді.

«Қазақстанның жетістіктері туралы айта келе, біз «Лаңкестіктен азат әлемге қол жеткізу тәртібі» кодексін атап өтуіміз керек. Бұл құжаттың негізгі идеясы - серіктес елдердің халықаралық коалициясын құру», - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Ол сондай-ақ қазақстандық тарап дайындаған бұл құжатты әлемнің 74 елінің өкілдері қолдағанын еске салды.

Ержан Ашықбаевтың айтуынша, қазақстандық дипломаттардың жұмысының арқасында қол жеткізілген тағы бір жетістік - 2009 жылы Эритреяға қарсы салынған санкцияларды алып тастау. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарға қару-жарақ эмбаргосын алып тастау, жол жүруге тыйым салуды, активтерді тоқтатуды және мақсатты санкцияларды жою кіреді.

Өз кезегінде БҰҰ Бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлімінің басшысы Рори Кин Қазақстанның төрағалығы кезінде ұйымдастырылған БҰҰ ҚК делегациясының 2018 жылдың қаңтар айында Кабулға сапарын маңызды оқиға деп атады.

Рори Кин Қазақстанның болашақ үшін қауіп төндіретін, соның ішінде ядролық қарусыздану сияқты маңызды мәселелерді шешу жолындағы үлесін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның бастамасымен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың Халықаралық күн тәртібі бекітілгенін атап өтті.

Өз тарапынан Бельгияның БҰҰ ҚК-дегі мүшелігі бойынша үйлестірушісі Берт Вермесен Қазақстанның жаһандық ядролық қарусыздану, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау және биологиялық қауіптер саласында қабылдап отырған шараларына жоғары бағасын берді. Ол Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу және Қазақстанның көлемі жөнінен әлемде төртінші орындағы ядролық арсеналдан бас тарту туралы жігерлі шешімінің тарихи маңызы мен оның әлем үшін маңыздылығына назар аудартты.

«Біз Қазақстанның БҰҰ ҚК-не тұрақты емес мүшесі ретіндегі рөлін қолдап, оны қаңтар айындағы төрағалығын табысты жүргізуімен құттықтаймыз. Еуропалық Одақ Қазақстанның жанжалдарды болдырмау және реттеу бойынша халықаралық және аймақтық деңгейде үлесі мен күш салуын жоғары бағалайды», - деп атап өтті Еуропалық одақтың сыртқы істер қызметінің Орталық Азия бойынша басқармасының басшысы Борис Ярошевич.

Оның пікірінше, Қазақстан мен Еуроодақтың Иранмен ядролық мәмілеге қатысты көзқарасы ортақ.

«Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ, Ресей, Қытай және ЕО көшбасшыларына жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті тұрақсыздандыратын жанжалдардың алдында ұлттық, аймақтық және жаһандық дамудың жаңа жолдарын іздеуге байланысты арнаған Үндеуіне назар аудартқым келіп отыр», - деді еуропалық дипломат.

Бұл ретте маңызды проблемаларды талқылау үшін Астана алаңын пайдалануға болады немесе бұл мәселелер БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясының аясында қарастырыла алады, деп санайды ол.

Борис Ярошевич осындай кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастыру мүмкіндіктерін алдағы уақытта ҚР және ЕО сарапшылары пысықтайтыны туралы айтты.

«ЕО Қазақстанның бейбітшілік, тұрақтылық және қауіпсіздік мәселелерін көтеруде артып келе жатқан рөлін қолдап отыр», - деп қосты ол.
Өз кезегінде Еуропалық Парламент (ЕП) депутаты, ЕП Шетел істері жөніндегі комитетінің мүшесі Андрейс Мамыкинс «соңғы бес жылда Қазақстанның халықаралық аренада көп байқалғанын» атап өтті.

Андрейс Мамыкинс Қазақстанның «мәдени дипломатиясының» әлеуетіне де терең сенімді.

«Қазақстанның мәдени мұрасы зор. Екі тарап - Қазақстан мен ЕО екіжақты қатынаста мәдениетке үлкен көңіл бөлетінінен үміттенемін. Себебі мәдени құндылықтар өзара байланысқан әлемде ортақ қорытынды болып табылады», - деді саясаткер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT