Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтады - Тоқаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен дәстүрлі кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіне арнайы тоқталды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларына назар аударып, еліміздің аграрлық, өндірістік сектор, энергетика, «жасыл» қаржы салаларындағы әлеуеті зор екенін атап өтті.

«

Біз жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттаймыз. Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. Сонымен қатар, бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр

», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар