Сарапшылар Головкинге «Канелоны» жылдам жеңудің құпиясын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com журналисі Аллан Фокс Головкинге қарсы жекпе-жек алдында мексикалық боксшы Сауль Альваресті гепардқа теңеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» Головкинмен ұзақ шабуылдар арқылы айқаса алмайды. Өйткені мұндайда мейлінше төзімді әрі қуатты GGG жеңеді. «Канело» Головкиннен тоғыз жас кіші, бірақ оның кардиожүйесі нашар. «Канело» ұзақ уақыт бойы қарқынды айқасқа шыдамайды. Оның әдісі - қысқа мерзімді шабуылдар, содан кейін ұзақ уақыт тыныстап алуы қажет. «Канело» гепардқа ұқсайды. Мысық тұқымдасына жататын жануар да қысқа уақытта бар жылдамдығымен жүгіреді, бірақ содан кейін әлі бітеді. Олардың демалуы қажет. Егер Головкин гепард тәрізді «Канелоның» демалуына мұрша бермесе, жекпе-жек ерте аяқталады», - деп жазады Фокс.

Соңғы жаңалықтар