Сарапшылар: Елбасы мақаласы - ұлттық санаға серпін беретін құрал

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру үшін арнайы топ келді. Сарапшылар тарихты зерттеп, халыққа жеткізудің жолдарын көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ата-баба тарихы ұрпаққа жібер, рух береді. Әрі «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілгендей, қазақ даласы арқылы әлемге тараған ұрпақ үшін де ортақ тарих жазылатын кез келді. Мәселен, өткен жылы Қазақстан Мажарстандағы ғұн құрылтайында болды. Венгрлер өз тарихын Алтаймен байланыстырады. Сондықтан халықаралық жобаға әлем ғалымдары қызығушылық танытып отыр.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласына шетел қызығып отыр. Халықаралық түрік академиясы мақаланы 12 тілге аударды. Бүгін Моңғолияның ең үлкен газеті көшіріп басқанын біліп отырмыз. Бұл өте сирек жағдай. Бір мемлекет басшысының мақаласын өзге мемлекеттің ресми газеттері көшіріп баспайды. Яғни, Елбасы мақаласы Алтайдан тамыр тартатын барша халық үшін зор серпіліс туғызғанын көруге болады. Ұлы дала тарихы, Ұлы дала өркениеті көп жағдайда айтылмайтын.

Мыңжылдықтарға үңілетін болсақ, Қытай, Мысыр, Үндістан, Иран, Батыс елдері сияқты Қазақстанда да ұлы дала өркениеті де бар. Бұл туралы Елбасы нақты, тайға таңба басқандай, ғылыми деректермен жазып көрсетті», - деді «Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
null 

Кездесу кезінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали ғұн дәуіріне назар аударуды ұсынды.

«Венгрлер Қазақстанға жиі келеді. Олардың ДНҚ-сы бізбен бір болып тұр. Оны антропология ғылымы дәлелдеп отыр. Археология ғұндардың қоныстанғанын, мемлекеті болғанын дәлелдеп берді. Біз сақ, ғұн, оғыз, ежелгі түркі мемлекеттерінің мұрагері ретінде өзімізді таныта білуіміз керек. Құр мақтану емес, ғылыми дәлелденген жұмыс», - деді Берік Әбдіғали.

Әрі оқушылар мен студенттердің киелі жерлерді аралауына, батыс пен шығысты, орталық пен оңтүстік, солтүстікті тануына ықпал етуді сұрады.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қазақ тарихы 30 өркениеті дамыған елдің қатарына енуі қажет деген ойын жеткізді.

«Соңғы 4-5 ғасырды емес, әрі қарай үңілу керек. Сол кезде 30 экономикалық дамыған мемлекеттер қатарына ғана емес, 30 өркениеті дамыған елдің қатарына енуіміз керек. Бұл Елбасы ең негізгі мақсатының бірі осы», - деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.
null 

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров Ақтөбедегі «Анаға тағзым» орталығының маңыздылығына тоқталды. Орталық қыркүйекте ашылып, қолданысқа берілді. Халық қаржысына салынған орталықта қыз-келіншектер тәрбиесіне зор көңіл бөлінген.

«Мемлекетімізге 27 жыл. Елбасы сол жылдар ішінде ұлтты сақтап, құру үшін ауқымды іс атқарды. Осы уақыт аралығында өз-өзімізді танып, біле бастадық. Алдағы уақытта насихаттау жұмысын әрі қарай жалғастыру керек. Біз білеміз, кейде барымызды көрсете алмаймыз. Мақала шыққан соң әлемнің әр түкпірінен хабарласып, мән-маңызына ерекше баға берді. Сақалар «Қазақ бақытты халық. Себебі, тарих қайта жаңғырып жатыр» деп айтты. Қырғызстаннан да хабарласып, бүкіл Орта Азияға арналған мақала деп есептейітінін жеткізді», - деді «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Асқар Умаров.

Кездесу кезінде «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали Алашорданың 100 жылдығына орай өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, Сағынай Құсайынов пен философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталыны естелік медальмен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар