+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Сарапшылар Алматы ауасының ластану себебін айтты

2019 жылғы 22 қазан 13:23
Бөлісіңіз:
Сарапшылар Алматы ауасының ластану себебін айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық сараптама орталығы Алматыдағы ауаның ластану деңгейі жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Төрт қалада ауа сапасы нашарлайды Үш қалада ауа сапасы нашарлайды Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жылдық жоспарға сәйкес, Ұлттық сараптама орталығы қаланың ауа бассейнінің жай-күйін анықтау үшін зертханалық мониторинг жүргізді.

2019 жылдың бірінші жартысында атмосфералық ауаға 1576 зерттеу жүргізілді, оның ішінде 431 сынамада сәйкессіздік анықталды.

«Зерттеу барысында атмосфералық ауаның санитарлық нормаларына сәйкес еместігі анықталды. Азот диоксиді мөлшері рұқсат етілген концентрациядан 2,2 есе, күкірт диоксиді 1,2 және көміртек тотығы 1,4 еседен асты. Бұл ластаушы заттар негізінен экологиялық қауіп туғызып, адам денсаулығына кері әсер етеді «, - деп хабарлайды Ұлттық сарпатама орталығы.

Сондай-ақ, атмосфералық ауадағы көміртек тотығы адамға сезілмейді. Алайда, ол дене тіндерінде оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Бұл кезде адамның басы ауырып, жүрегі айнып, есінен тануы мүмкін.

«Азот диоксидінің ауада болуы көміртегі шығаратын газдармен әрекеттескенде фотохимиялық тұманның пайда болуына ықпал етеді. Азот диоксиді - бұл сарғыш-қоңыр түсті газ, ол көру қабілетін нашарлатады, ауаға қоңыр рең береді, өте уытты, бронхит ауруын тудырады және ағзаның тыныс алу органдарындағы ауруларға төтеп беруін төмендетеді «, - деп түсіндірді мамандар.

Сарапшылар Алматыдағы ауаның ластануының негізгі себептерін атады. Ол - автокөлік қозғалысы кезінде бөлінетін көміртек және кәсіпорындардан шығатын зиянды заттар. Мамандар көптеген кәсіпорындар әлі күнге дейін ескірген технологиямен жұмыс істейтінін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экология,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT