Сарапшылар әлемдегі баспана құны өте қымбат 10 қаланы атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде үйлер мен пәтерлерді сатып алушылар үшін ең қолжетімсіз қала Гонконг деп танылды. Өткен жылы бұл қала тізімде тек 17-ші орында болған, деп жазады Prian.ru.

Рейтингте екінші орынды австралиялық Сидней алды. Мұндағы орташа жылдық табыстың баспананың құнына арақатынасы бір жылдың ішінде 9,8-ден 12,2 есеге дейін өскен, бұл рейтингті құраған International Housing Affordability ұйымының тіркеген ең елеулі жылдық өзгерісі болды.

Одан кейін тізімде Ванкувер, Окленд, Мельбурн, Сан-Хосе, Сан-Франциско, Лондон, Сан-Диего және Лос-Анджелес қалалары тұр.

Соңғы жаңалықтар