Сарапшы Түркиядағы сайлау туралы: Кімнің Президент болатынын халық шешеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сарапшылар Түркиядағы президент сайлауын 2023 жылдағы ең маңызды оқиға деп атады. Сонымен қатар, сарапшылар бұл сайлаудың өте тартысты екенін айтуда. Бұл туралы әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Зарема Шаукенова пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Түркияда өткен президенттік сайлаудың бір ерекшелігі – бұл елде бұрын-соңды болмаған көптеген әлеуметтік сауалнамалар жүргізіліп, жарияланды. Оларға партиялар да, Үкімет те, бұқаралық ақпарат құралдары да, басқа ұйымдар да тапсырыс береді. Сайлауда жеңіске жетудің нақты мүмкіндігі тек екі кандидатта — қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен оппозиция жетекшісі Кемал Кылышдароғлуда бар. Сарапшылар, әдетте, әлеуметтанудың әртүрлі дәрежеде қателіктері болуы мүмкін екенін, сондықтан әр уақытта нақты жағдайды көрсете бермейтінін айтады. Мәселен АҚШ-тың 2016 жылғы президенттік сайлауында сауалнамалар Хилари Клинтонның жеңісіне сенімді болды, бірақ Дональд Трамп президент болып сайланды. Соған қарамастан, 2023 жылғы президенттік сайлау қарсаңында түрік әлеуметтанушылары жүргізген барлық сауалнамалар екі негізгі үміткердің қатар келе жатқанын жатқанын көрсетті», деді Зарема Шаукенова агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Оның айтуынша, әлеуметтанулық сауалнамалар жазған ең ықтимал сценарий – екі үміткердің де бірінші турда 50 пайыздан аз дауыс жинап, екінші турға қалуы болуы мүмкін.

«Ердоған 20 жылдан бері билікте отыр. Әр жылдары ол Түркияның премьер-министрі (2003-2014) және президенті (2014 — қазіргі) қызметтерін атқарды. Өзінің саяси мансабында ол сайлауда ешқашан ұтылған емес. Ол ірі әлемдік көшбасшы болып саналады және халық осындай басшымен жаңа сынақтардан өтеміз деп санайды. Р. Ердоғанның басты қарсыласы Кылышдароғлу Түркия мемлекетінің негізін қалаушы Кемал Ататүрік құрған ең көне «Республикалық халық партиясын» басқарады. Оны алты оппозициялық партияның альянсы ұсынды және екі ықпалды саясаткердің — Ыстанбұл мэрі Экрем Имамоглу мен Анкара мэрі Мансур Яваштың қолдауына ие болды. Қазіргі президенттің көптеген жақтастары түрік ұлтының бірлігі идеясымен біріктірілген, ал олардың қарсыластары, оппозицияның көптеген жақтастары қоғам плюрализміне сүйенеді», - дейді Зарема Шаукенова.

Сарапшының пікірінше, Түркиядағы президенттік сайлауда поляризация және түрік сайлаушыларының жоғары деңгейде жұмылдырылуын көріп отырмыз. Барлық экзитполдар елде 80-90% шамасында рекордтық дауыс беру күтілетінін көрсетеді.

«87 сайлау округіндегі 190 мыңнан астам сайлау учаскелерінде күні бойы сайлаушылардың белсенділігі жоғары болды. Дәл осы сайлаушылар, түрік халқы президентінің кім болатынын шешеді. Ал Түркиядағы президенттік сайлаудың алдын ала нәтижелерін біз әлеуметтанушылардың арқасында, олардың экзитпулдарының нәтижелері арқылы біліп отырамыз», - деп түйіндеді Зарема Шаукенова.


Соңғы жаңалықтар