Сарапшы шағын модульді атом реакторларының келешегі туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жәнтікин шағын модульді атом реакторларының келешегі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ядролық технология жеткізушілердің арасында сауалнама жүргізген болатынбыз. Олар алдын ала техникалық-коммерциялық ұсыныстарын берді. Сол ұсыныс бойынша қаржылық-экономикалық модельдерін де көрсетті. Осы арқылы ұсынылған жобаларды іске асыру нұсқалары есептелді. Яғни, бұл жоба электр тарифіне қалай әсер ететінін, шығыны қалай ақталатынын зерттедік. Технология мен экономика бойынша алдын ала жұмыс жүргізілді. Қазір сол кездегі өлшемдерді қайта нақтылап жатырмыз. Өйткені біз есеп жүргізген кезден бері 3 жыл өтті. Бұл уақыттың ішінде технология алға ұзап кетті», - деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол кейбір мамандар Қазақстанның энергетика жүйесіне қолдану қолайлы деп жүрген шағын модульді атом реакторларының келешегі туралы пайымын айтты.

«Ондай реакторларды да қарастырып жатырмыз. Бұл параллель жоба деуге болады. Шартты түрде «шағын модульді реакторлар» деп атайды. Бұл да Қазақстанда іске асуы мүмкін, келешегі бар бағыттардың бірі. Оның да алғашқы есеп-қисабын жасағаныз. Техника жағынан да, экономика жағынан да келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Бірақ бұл келешектің еншісінде. Өйткені дәл қазір нарықта ондай дайын реакторлар жоқ. Дегенмен бірнеше жоба іске сарылып жатыр. Нақтылап айтсақ, Америка құрама штаттарында 2 жоба елдегі ядролық комиссияның мақұлдауынан өтіп үлгерді. Оның бірі Канадада, енді бірі АҚШ-тың өзінде іске асырылып жатыр. Қазір олармен де жұмыс істеп жатырмыз. Біз бұл бағыттың да келешегі жақсы деп есептейміз», - деді Тимур Жәнтікин.


Соңғы жаңалықтар