+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Сарапшы: Санаққа дұрыс жауап беру арқылы болашақ шешімдердің сапалы қабылдануына ықпал етеміз

2021 жылғы 6 қыркүйек 15:16
Бөлісіңіз:
Сарапшы: Санаққа дұрыс жауап беру арқылы болашақ шешімдердің сапалы қабылдануына ықпал етеміз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері бойынша 302 мыңнан астам респондент онлайн санақтан өткен. «Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, кез келген санақтың ең маңызды міндеті – қолданыстағы деректердің шынайылығына көз жеткізіп, мәлеметтерді өзектілендіру. ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында сарапшы осылай деді.

«Бұған дейін халық санағы 2009 жылы өткізілді. Одан бері 10 жылдан астам уақыт өтті. Сондықтан мемлекетті тиімді басқарып, тиімді жоспарлау үшін, басшылық және жүйелік шешімдерді дұрыс қабылдау үшін деректердің өзекті болғаны, үнемі жаңартылып отырғаны маңызды. Халық санағы былтыр өтуі керек еді. Бірақ, өкінішке қарай, пандемияға байланысты мерзімі өзгерілді», - дейді маман,

Оның пайымынша, соңғы 10 жылда Қазақстан ғана емес, бүкіл адамзат түбегейлі өзгерістерді бастан өткерген. Сондықтан әрбір қазақстандық санақ мәселелеріне барынша жауапкершілікпен қарауы керек.

«Санақты екі кезеңде өткізу дұрыс. Жеке өзім, сарапшы ретінде, бұл мәселеге күмәнданбаймын. Өйткені мұндай тәсіл неғұрлым көбірек өзекті ақпарат алуға бағытталған», - деді «Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеулер орталығының директоры.

Сарапшы санаққа жауапкершілікпен қарау арқылы тұрғындар өз тағдырына қатысты шешімдердің сапалы қабылдануына ықпал ететінін еске салды.

«Жергілікті өзін-өзі басқару органдары нақты өңірде қанша адам тұратынын білсе, олардың санатын дұрыс саралай алса, әлеуметтік қолдауға қатысты дұрыс шешім қабылдай алады. Белгілі бір өңірде қалыптасқан әлеуметтік мәселені шешуге қажет қаражаттың жеткілікті мөлшерде бөлінуі үшін де статистикалық деректердің дұрыс болу керек. Сондықтан сұрақтарға дұрыс және дәл жауап берген абзал», - деді Әлібек Тәжібаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT