Сарапшы: Садриддин Ахмедов - жеңіс үшін бәріне дайын ымырасыз боксшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) кәсіпқой бокстағы жеңісті жолын жалғастыруда. Ол - жастар арасындағы WBC титулының және бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуінің иегері.

Sports.kz порталы ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненкодан жас боксшының кәсіби біліктілігі, оның Канададан Америкаға ауысуы керек пе - сол жайында сұрап білген еді.

«Ахмедов маған өте ұнайды. Ол жеңіс үшін бәріне дайын, сонымен қатар саналуан және ымырасыз спортшы. Ол тек алға ұмтылады, дегеніне жету үшін тынымсыз еңбектенеді. Канада мен АҚШ арасындағы айырмашылықты көріп тұрған жоқпын. АҚШ-та америкалықтармен жұдырықтасады деген бос әңгіме, ол Канадада да солай. Екі ел көрші орналасқан, телевидение ортақ. Бір айта кететіні – жас спортшы өз арнасына түсіп, керек кезінде жарқ етіп көзге түсуі керек. Бірақ Ахмедовтың бойында бәрі бар, оның мақсатқа ұмтылған дайындығы айқын көрініп тұрады», - дейді Виктор Демьяненко.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов канадалық Тетфор Мине қаласындағы тоғызыншы жекпе-жегінің бірінші раундында мексикалық Дэниэль Вега Котаны (14-3-1, 11 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар