Сарапшы: Реформа Қазақстандағы саяси құрылымдарды нығайтады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік билік тармақтарының құзырын үлестіру Мемлекет басшысына сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның қорғаныс қабілетіне көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік ашады, Үкімет пен Парламенттің рөлі едәуір күшейеді. 

Бүгін "ҚазАқпарат" агенттігінің Бакудегі тілшісіне берген сұxбатында "Атлас" Саяси зерттеулер орталығының басшысы Эльхан Шахиноглу осындай пікірімен бөлісті.

"Көптеген дамыған мемлекеттерде құзыретті үлестіру билік тармақтарына нақты бағыттар бойынша жауапты болуға мүмкіндік береді", - дейді сарапшы.

Оның сөзінше, АҚШ сынды президенттің өкілеттігі мен құзыреті мығым елдің өзінде, Конгресс бақылаушы орган ретінде өте маңызды рөл атқарады және Ақ үй басшысы палата өкілдерімен және Сенатпен санасуы тиіс. Дегенмен Қазақстандағы құзыреттілікті беру реформасы Президент өзінің негізгі міндеттемелерінен бас тарту деген сөз емес.

"Стратегиялық функциялар Президенттің еншісінде қалады, Мемлекет басшысы билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастарда аралық қазы рөлін ойнайды", - деп атап өтеді саясаттанушы. - Алайда мемлекеттік институттарды реформалау барысында, біріншіден, сайлауда жеңіске жеткен партия өкілдері Парламентте Үкіметтің құрамын бекітуге атсалысады. Демек, жеңіске жеткен партия Қазақстанның министрлер құрамын құруда маңызды рөл атқармақ. Екіншіден, билік тармақтарын реформалау партиялық құрылысқа серпін береді және қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған саяси құрылымдардың нығаюына ықпал етпек, бұл өз кезегінде партиялар мен идеялардың арасында сапалы бәсекелестікті қыздыра түседі".

"Елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелерімен қай партия айналысатынын xалық шешеді. Ал егер белгілі бір партия мен Үкімет құрамы xалық күткен үдеден шыға алмаса, келесі жолы адамдардың таңдауы басқаға ауады", - деді Шахиноглу.

Соңғы жаңалықтар