Сарапшы Президент тапсырмасы жайында: Цифрландыру – қазіргі жемқорлық көріністерді жою

None
Фото: instagram.com/azizovbairam
АСТАНА. ҚазАқпарат – Цифрландыру – бұл қазіргі жемқорлық көріністерді жою. Мұндай пікірді цифрландыру мәселелері жөніндегі сарапшы Байрам Азизов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру, бұл – ең алдымен мемлекеттік аппараттағы да, бизнестегі де қазіргі жемқорлық көріністерді жою. Егер ресурстарды цифрландыру жайында айтар болсақ, онда деректерді құрылымдау су және өзге де ресурстарды үнемдеуге әрі тиімді пайдалануға алып келеді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген сарапшы.

Оның атап өтуінше, заңнамалық деңгейде шынайы құралдар әзірлеу арқылы мұның бәрін де жүзеге асыруға болады.

«Бұл еліміздің келешекте өңірдегі ресурстарды тиімді бөлуде көшбасшылық орынға шығуына мүмкіндік беріп, тек ел ішінде ғана емес, сонымен бірге еларалық пайдалануда да түсінік қалыптастыруға жол ашады. Бұл болашақта өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, технология секторларындаға, жалпы экономикадағы көрсеткіштерге оң әсерін тигізеді», - деді Байрам Азизов.

Естеріңізге сала кетсек, VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінде маңызды рөл атқаратындығын, электрондық үкіметтің инфрақұрылымын дамытумен қатар, биліктің өкілді тармағын одан әрі цифрландыруға да назар аудару қажеттігін айтқан болатын.

«Электрондық парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар қоғамның билікке деген сенімін едәуір нығайта алады. Жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелілігінің негізгі шарттарының бірі толық және сенімді деректердің болуы болып есептеледі. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету үшін деректер қорын өзара кіріктіру және «ақылды технологияны» пайдалану өте маңызды. Бұл қадам қабылданатын шешімдердің сапасын арттырады», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар