Сарапшы пікірі: Вакцинация коронавирустың мутациялануына әсер ете ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Вакцина адам ДНҚ-сын өзгертеді, коронавирусты мутацияға ұшыратады» деген сынды тұжырымдарға негіз бар ма? Оған жауапты иммунолог, профессор, медицина ғылымдарының докторы Рафаил Розенсон берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Профессордың сөзінше, вакцинация керісінше, вирустың мутациялануын азайтады.

«Маған ең жиі қойылатын сұрақ: Вакцинация мутацияға әсер етпей ме? Бүгінге дейінгі анықталған клиникалық мутациялар – альфа, бета, гамма, дельта, йотта және басқалары вакцина енгізілгенге дейін анықталған. Коронавирустың ең көп мутацияланған түрі – Дельта. Бұл Үндістанда жаппай вакцинация басталғанға дейін үш ай бұрын пайда болды. Ал жаппай вакцинация енгізілгеннен кейін науқастар қатары бірден азаятындықтан, вакцинация вирустың мутациялануын азайтып, жиілігін арттырмайтынын нақты айтуға болады», - деді Рафаил Розенсон.

Медицина ғылымдарының докторы «Вакцинация адамның ДНҚ-сы мен репродуктивті әлеуетіне әсер ете ме?» деген сұраққа да жауап берді.

«Әлбетте олай емес. Екпені ең алғаш 1795 жылы Дженнер енгізгеннен бастап есептесек 226 жыл болыпты. Бүгінге дейін екпенің салдарынан мутацияланған адам болған емес. Ал антиваксерлер сол заманда-ақ болған. Қазір де жоқ емес», - деді ол.
Дәрігердің мәліметінше, ғалымдардың көпшілігі мына бір нәрсемен келіседі: науқас коронавируспен ауырып, вакциналанса немесе ауырмай тұрып вакциналанса, артынан ауырып, сауығып кетсе, қорғаныс әлдеқайда күшті болады.

Ол сондай-ақ алда ЖРВИ және тұмау маусымы келе жатқанын еске салды. Оның айтуынша, былтыр локдаунның толық енгізілуіне байланысты азаматтар ауруды өршітіп алған.

«Иммунитет жаттықпаған. Биыл да тұмау қабаттасып келсе не болмақ – бұл сауалға аллергиясы бар, иммунитеті төмен пациенттерді қабылдау кезінде күніне бірнеше рет жауап беремін. Менің жауабым: аллергиясы бар науқастың бәрі ремиссияға қол жеткізіп, КВИ-ға қарсы вакцина алуы керек. Тұмаудан өлу көрсеткіші – миллионнан бір рет кездесуі мүмкін. Вакцинациядан өлім ықтималдығы – сәл жоғары, бес жүз мыңнан біреу. Коронавирустан өлім-жітім – 1:50. Яғни 10 000 есе жоғары. Сонымен, егер жасыңызға байланысты (үш жасқа дейін немесе 65 жастан асқан) немесе қосымша аурулар болса, тұмауға шалдығу қаупі бар. Тиісінше вакцина алған абзал – мүмкіндікті қолданыңыз. Биылғы маусымда – бұл өте маңызды. Өзіңізді, отбасыңызды және еліңізді қорғаңыз: екпе алыңыз!» - деді ол.


Соңғы жаңалықтар