Сарапшы: Мемлекет имиджі ақшамен өлшенбейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Самат Нұртаза Қазақстанның көрші мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатқанын қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның пікірінше, Қазақстан өзгелерге көмектесу арқылы өз имиджін қалыптасырады және беделін өсіреді.

«Қазір Қазақстан барынша басқа мемлекеттерге көмек көрсетіп жатыр. Бұл мемлекеттің беделін өсіреді. Біздің мемлекет өзгелерге қол ұшын бергенен, ұтылмайды. Ештеңені жоғалпайды. Әрине, ортамызда «өзгелерге емес, өзіне көмектеспей ме?» деген пікір білдіретіндер де бар. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Қазақстан көрсеткен көмектің бәрі елдің имиджіне жұмыс істейді. Ал, мемлекеттің имиджі деген өте қымбат нәрсе. Оны ақшамен өлшеуге болмайды»,- дейді белгілі саясаттанушы.

Сонымен қатар, ол Қазастанның осындай ізгі көмек жасағаны халықаралық достыққа септігін тигізетінін де тілге тиек етті.

«Тоқшылық кезінде бәрі дос», дегендей осындай қиын қыстау заманда көрші мемлекеттерге астық, медициналық құралдар жібергеніміз дұрыс болды. Осындай қамқорлықты көрген мемлекеттердің іші жылиды. Қазастанның осындай ізгі көмек жасағаны халықаралық достыққа септігін тигізеді деп есептеймін»,- дейді спикер.
Еске салсақ, Қазақстанның СІМ Қырғызстанға гуманитарлық көмек қалай жеткізіліп жатқаны туралы айтты. Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық зерттеулер бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова г уманитарлық көмек көрсету – бұл Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі екенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар