+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Сарапшы құрылыс саласында білікті мамандардың неге аз екенін айтты

2021 жылғы 24 қыркүйек 17:05
Бөлісіңіз:
Сарапшы құрылыс саласында білікті мамандардың неге аз екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Адал білім» жобалық кеңсесінің сарапшысы Лилия Испенбетова құрылыс саласындағы білікті мамандардың неге тапшы екенін түсіндірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобаларына дауыс беру басталды ШҚО-да 2022 жылы майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салынады Семейдегі Абай мешіті маңына жерүсті өткел салынуда

«Құрылыс саласында кадр жетіспеушілігінің бірнеше себебі бар. Біріншіден, түлектер мен құрылыс компаниялары арасында жүйелі байланыс орнатылмаған. Негізі бұл мәселе бастауы колледждердің, жоғары оқу орындарының құрылыс компанияларымен өзара іс-қимылына тәуелді. Көп жағдайда ондай меморандумдар жасалмайды. Кәсіпорындар да болашақ кадрлармен тікелей жұмыс істеуге көп көңіл бөдмейді», - деді Лилия Испенбетова Қазақстан Құрылысшылар одағының отырысында.

Құрылыс саласында айлықтың әркелкі болуы да мамандардың тұрақтап қалуына тосқауыл көрінеді.

«Бұл көрсеткіш нарықтағы мамандардың біліктілігі мен санына тікелей байланысты. Үшінші себеп жас кадрлардың біліктілігімен байланысты. Түлек өз білімін іс жүзінде көрсетуі керек. Ал іс жүзінде құрылыс компаниялары дайын маман ретінде жұмысқа қабылдаған жас маманды қайта даярлауға көп уақыт жұмсайды. Осыған байланысты жоғары оқу орындары мен колледждерге маман даярлау ісінде құрылыс компанияларыменқанаттасып әрекет ету керек», - деп қорытындылады Лилия Испенбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT