Сарапшы: Индустрияландыру қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға қатысты көп мәселені шешеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық және цифрлық алшақтықты жою урбанизацияны басқарылатын етеді. ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Лидия Пархомчик Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауына қатысты осындай пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан сөздері пандемияның жағымсыз салдарын жою үшін қолда бар ресурстардың барлығы пайдаланылатынын айқын көрсетеді. Жолдаудың аумақтық дамуға қатысты бөлігін атап өту керек. Президент орынды атап өткендей, республика азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының деңгейі әр аймақта әртүрлі. Дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру кезеңіне енген кезде, елге кеңістіктегі даму стратегиясын оңтайландыру қажет», - дейді Лилия Пархомчик.

Оның айтуынша, еліміздің батыс өңірінің Орталық Азиядағы мұнай-химия және газ-химия өнеркәсібінің орталығына айналу мүмкіндігі бар. Ал еліміздің шығыс бөлігі жоғары технологияны және ғылымды қажет ететін кластерге айнала алады.

«Индустрияландыру шараларын жүзеге асыру тек экономиканы нығайтуға серпін беріп қана қоймай, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға қатысты көп мәселені шешуге мүмкіндік беретіні анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жаңа сапалы жұмыс орындарын құру арқылы мемлекет халық арасында жаңа менталитет қалыптастыруға ықпал етеді, сол арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын айтты. Қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық және цифрлық алшақтықты жою урбанизация процесін басқаруға мүмкіндік береді. Бұл аймақішілік жағдайда жұмыс күшін бөлу мәселесін шешеді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар