Сарапшы Головкиннің Роллспен жекпе-жекте қандай кемшілік жібергенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллстың жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

Жалпы, сарапшы Головкиннің көрсеткен өнеріне дән риза. Дегенмен, оның айтуынша, Головкин келешекте үлкен жекпе-жектерде кедергісін тигізетін бір ағаттық жіберген.

«Головкиннің ұзақ уақыт рингке шықпағанына және бапкерін ауыстырғанына қарамастан, ол Роллспен айқаста өзін жақсы ұстады. Роллс керемет боксшы дей алмаймын, бірақ әлсіз біреу де емес. Менің ойымша, GGG шынымен де жақсы ойын көрсетті. Роллс деңгейіндегі боксшылар үшін Головкин әрдайым бір-екі соққыдан дарытып, «жеп отырады», ал сосын жекпе-жектің соңына қарай қарсыласын естен тандыра жаздайды. Геннадийдің кемшілігі - топ-деңгейдегі айқастарда теңселіп ұзақ жүріп алады», - деп атап өтті автор.

Соңғы жаңалықтар