Сарапшы Головкин мен «Канелоның» күшін салыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingscene.com журналисі Стивен Эдвардс Daily Bread Mailbag айдарында Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) туралы жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкинде атлетизм бар, бірақ оны атлетикалық спортшы деп санамаған болар едім. Меніңше, ол Марвин Хаглер немесе Костя Цзю секілді дене күшіне сүйене отырып бокстасатын тегеурінді панчер. «Канело» біраз басқаша. Оның Головкинге қарағанда атлетикасы басымырақ, бірақ бұл басымдық айтарлықтай көп емес. «Канело» дарындылау. Оның соққылары ғажайып. Ол соққыларын түрлендіре алады. Ол өте үйлесімді жұдырықтасады. Бірақ суператлет емес. Оны Джеймс Тониге ұқсатуға болады», - деп жазады автор.

Еске сала кетейік, Головкин мен «Канело» былтырғы қыркүйекте кездескен болатын. Сол жекпе-жекте тіркелген тең нәтиже күмәнді болып, бокс жанкүйерлерін абыржытқан. Содан кейін 5 мамырда қайта кездеседі деп жоспарланғанмен, мексикалық боксшының допинг дауына ілігуіне байланысты, Головкин Ванес Мартиросянмен жекпе-жек өткізуге мәжбүр болды.

Соңғы жаңалықтар