Сарапшы Головкин мен Хопкинстің титулдарын қорғау серияларын салыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ESPN телеарнасының журналисі Дэн Рафаэль Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен аты аңызға айналған Бернард Хопкинстің (55-8-2, 32 КО) әлем чемпионы атақтарын қорғау серияларын салыстырды, деп хабарлады Sports.kz.

Естеріңізге сала кетсек, екі боксшы да әлем чемпионы атақтарын 20 мәртеден қорғаған болатын. Дегенмен Головкиннің Хопкинсns4 рекордын жаңартуға мүмкіндігі болды. Алайда мексикалық Сауль Альвареске (50-1-2, 34 КО) қарсы рематчда қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіліске ұшыраған еді.

«Хопкинстің бірқатар қорғанысы жартылай орта салмақтағы дайындығы аса керемет емес чемпиондарға қарсы өткендігін білемін және оның үшеуі Роберт Алленмен болды. Дегенмен, оның өз белдігін қорғау мақсатында өткізілген 20 кездесуі Головкинге қарағанда әлдеқайда таңқаларлық болды деп есептейді. Мен бұл кездесулерді қарап шықтым және менің пайымымша, олар бір-біріне жақын. Хопикинстің ең үлкен жеңісі Тито мен Оскарға қарсы болды: екеуі де жартылай орта салмақта. Головкин негізінен орта салмақта жұдырықтасты. Мен бәсекелестік тұрғысынан алып қарағанда олар бір-біріне жақын дер едім», - деді Дэн Рафаэль.

Еске салайық, Головкин - «Канело» рематчы 16 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарының Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-сында өткен болатын. Нәтижесінде отандасымыз төрешілер шешімімен (113-115, 114-114, 113-115) жеңіліп, WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктерінен айырылды.

Еске салайық, олардың бірінші айқасы былтыр тең нәтижемен аяқталған еді.

Соңғы жаңалықтар