Сарапшы Елбасының халықаралық мәселелерді шешудегі беделі туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі қоғам қайраткері Марат Башимов Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту жолындағы Елбасының маңызды рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Барлық халықаралық сарапшылар біздің мемлекеттің дамуын елміздің Тұңғыш Президентінің рөлімен байланыстырады», - деп тоқталды М. Башимов ҚР Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен үдемелі дамудың 30 жылы» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысында.

Осы орайда ол 2010 жылы елордада ЕҚЫҰ саммиті өткенін, онда ұйымның Астана декларациясы қабылданғанын еске салды. Бұл құжат халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің қадамдарын қамтыды. Осыған байланысты М. Башимов халықаралық қақтығыстарды шешудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті.

Сонымен қатар сарапшы өзінің М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алған жылдарын еске алды.

«Бірінші мамандығымды тарих факультетінде алдым. Сол кезде, яғни 1989 жылы барша әлем Нұрсұлтан Әбішұлын беделді басшы ретінде таныды. Біз Съездер сарайында Нұрсұлтан Назарбаевты тыңдауға баратынбыз», - деді Марат Башимов.

Сонымен қатар ол Елбасының басшылығымен қабылданған еліміздің Конституциясы саяси қадамдарды жүзеге асыру мен елдің гүлденуінің негізі болғанын атап өтті.

Айта кетейік, аталған халықаралық шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Онлайн режимдегі жиын барысында Мемлекет қайраткері, ҚР Тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов Тәуелсіз мемлекетті құру жолында Елбасы үлкен жауапкершілікті алғанын атап өтті.



Соңғы жаңалықтар