Сарапшы доллардың биылғы бағамына болжам жасады
«Альпари» болжамынша, АҚШ доллары рубльмен жұпта 2019 жылдың ішінде 62-78 рубль шегінде, жылдың орташа бағамы 1 АҚШ долларына 68 рубль көлемінде саудаланатын болады. Қазіргі уақытта доллар әлсіз көрінгенімен Федералды резервтік жүйе мен макроэкономикалық есептер тарапынан қуатты іргелі қолдауға ие.
«Жақын айларда еуро/доллар жұбы 1,1200-1,1700 шегінде қалады. Юаньға доллармен жұпта девальвацияға негіз бар. Дегенмен, әдетте мұны Қытай Халық банкі фактілерді алғаннан кейін ғана жасайды. Қытай мен америкалық саясаткерлер арасында келіссөздер жүргізіліп жатқан сәтте доллар/юань жұбы төмендеп, 1 АҚШ долларына 6,50 юаньға дейін жетуі мүмкін. Дегенмен, кейін 7,00-ге жетіп, 8,00-ге қарай өсуіне де мүмкіншілік бар», - деді Анна Бодрова.
Оның айтуынша, қаңтардан бастап наурыздың соңына дейін АҚШ пен Қытай көптеген келіссөз жүргізеді. Бұл келіссөздердің мақсаты - сауда соғысының аяқталуына сеп болатын сауда келісімін жасау.
«Бұл тараптардан жеткен алғашқы жаңалықтар жағымды. Бейжің АҚШ-тан мол энергия ресурсы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға келісті. Бұл саясаткерлердің ден капитал нарығының да көңілінен шығады. Дегенмен, негізгі келіссөздер әлі алда жүргізілмек. Вашингтон Қытайға ұсынып отырған жаһандық шарттар Бейжіңнің көңілінен шығып отырған жоқ. Сондықтан барлық келіссөздер жеңіл әрі қарапайым өтеді деп болжау жаңсақтық болар. Сауда соғысындағы үш айлық осынау іркілістің нәтижесіне таяу жылдағы әлемдік сауданың жай-күйі, ірі мемлекеттердің өнеркәсіп өсімінің қарқыны, экспорт пен импорт көлемі және басқа да жайттар байланысты болады. Бұл өз кезегінде негізгі әлемдік валюталар юань мен доллар үшін маңызы», - деді сарапшы.
Оның пайымынша, сауда келіссөздері сәтсіздікке ұшырайтын болса, онда тараптар бір-біріне импорттық салықтарды көтеріп, сауда соғысы жаңа деңгейге көтерілетін болады. Ал Қытай өзінің экономикалық жүйесін қорғауға мәжбүр болып, юаньды құнсыздандырады.
Автор: Дамир Байманов