Сарапшы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына баға берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы бесжылдығына жасалған талдау нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру тиімділігіне талдаудың бастапқы нәтижесін ұсынғым келеді. Бұл бағдарлама 2010 жылы пайда болған еді. Оның негізгі мақсаты - өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту бойынша бірыңғай бюджеттік бағдарламаны жүргізу. Жоспар бойынша ол кәсіпкерлерге қолдау жасау үшін іске асырылды. Сонымен бірге, өзге де бюджеттік бағдарламалар пайда болғанын көріп отырмыз, оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы да бар», - деп тоқталды Р. Ошақбаев «Шағын және орта бизнестің дамуы Президенттің назарында» атты конференцияда.

Оның атап өтуінше, бағдарламаның кейбір индикаторларына алғашқы бесжылдықта қол жетікізілмеді.

«Бизнестің жол картасы» бағдарлмасаның үш редакциясы бар. Егер де өткен бесжылдыққа талдау жасасақ, мәлімделген индикаторлардың тек екеуіне қол жеткізілгенін байқауға болады», - деді сарапшы.

«Келесі жылы аяқталуы тиіс «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 4 индикатор ескерілген, яғни өңдеуші өнеркәсіптік үлесті 12,5 пайыздан кем емес деңгейге жеткізу, шағын және орта бизнес өнімдерінің көлемін арттыру және басқа да бағыттар. Мәлімделген 4 индикатордың үшеуіне қол жеткізілмеуі мүмкін деген тиісті тәуекелдер бар. Бұл тұрғыда бағдарламада немесе индикаторларда, сондай-ақ оны жүзеге асыру тәртібінде кемшілік бар деген пайымға келуге болады. Осы орайда, «Нұрлы жер» бағдарламасынан үлгі алуға болатын тұстар бар», - деді Рахым Ошақбаев.

Соңғы жаңалықтар