+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Сарапшы: Біздің қоғам ел Парламентінде саяси азшылықты табиғи жолмен құру кезеңіне біртіндеп келе жатыр

2020 жылғы 25 мамыр 17:27
Бөлісіңіз:
Сарапшы: Біздің қоғам ел Парламентінде саяси азшылықты табиғи жолмен құру кезеңіне біртіндеп келе жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина Мемлекет басшысы қол қойған «Саяси партиялар туралы» ҚР-ның Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 20 желтоқсанында айтқан реформалары 2020 жылы белсенді жүзеге асырыла бастады және соған сай жедел әрі сапалы заң жобаларын әзірлеу талап етілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар халықтың кең ауқымының сұраныстары мен мүддесін көрсетіп отыр. Осы орайда әлеуметтік және саяси аспектілер бағытындағы реформалар мемлекеттік саясатты ырықтандыру процесін сапалы толықтыра түсуде», -деді ол.

Оның атап өтуінше, демократиялық қоғамды дамыту ең алдымен пікір ашықтығы мен алуандығын көздейді. Бұл ретте қазақстандық қоғамда азаматтық қоғамдық дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Оған үкіметтік емес ұйымдардың, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының көптігі дәлел бола алады.

«Осылайша, біздің қоғам ел Парламентінде болуы тиісті қуатты әрі беделді саяси азшылықты табиғи жолмен құру кезеңіне біртіндеп келе жатыр. Қазіргі уақытта саяси партиялар мен саяси қызметтің өзі бүкіл әлемде түбегейлі өзгеріске ұшырау үстінде. Соңғы жылдары саяси конъюнктураның және қоғамдық даму трендтерінің ақпараттық-коммуникациялық кеңістік аясында өзгеріске ұшырауы партиялық құрылым форматын өзгерту, оның ішінде идеологиялық платформаны жаңғырту, партияның электораттармен өзара іс-қимыл форматын өзгерту, қаржыландырудың өзге көздерін іздеу қажеттілігіне байланысты бола түсті», - деді сарапшы.

Бөлім басшысының атап өтуінше, бүгінде Қазақсандағы әрбір саяси партия жақтастары қатарын арттыру бағытында жұмысты күшейте түсуде. Ал бұл ретте саяси партиялардың мемлекеттік тіркеуден өтуі үшін шекті деңгейді 20 мың мүшеге дейін төмендетуі саяси партиялардың ресурстық базасын кеңейте түседі, саяси партиялардың қалыптасуына жағдай жасайды. Мұнан бөлек, қоғамдағы азаматтық белсенділікті арттыра түседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT