Сарапшы: Балқаштың жағдайы Қытай мен Қазақстанның әрекетіне байланысты

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Балқаштың Арал тағдырын қайталауынан қорқады. Еліміздің қазынасын сақтап қалу үшін қандай шаралар қолданылу керек? Бұл туралы  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Трансшекаралық өзендер департаменті директоры Игорь Коваленко ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Алматыда Орталық Азияның 10 елінен, іргелес мемлекет өкілдері қатысқан екі күндік өңірлік кеңес өтуде. Мұнда трансшекаралық өзендер ресурстарын басқару жөніндегі мәселелер талқыланады.

null «Аралдың жойылуы сияқты әлемдік масштабтағы апаттарға куә болдық. Соңғы 30 жылда Орталық Азия өңірінде орналасқан елдер тұщы судың жетіспеушілігі мен оның сапасының төмендеуін сезінді. Мұның себебі мүдделі тараптардың арасында келісімнің жоқтығы. Балқаштың хәлі өте мүшкіл. Бұл кеңес заманынан айтылып келеді. Зерттеулер нәтижесінде көл суының деңгейі  134 метр болғанда ғана оны сақтауға болатыны расталған. Сонда оның экологиялық жүйесі қалыпқа түсіп, онжылдықтарға ғана емес, жүзжылдықтарға дейін сақталуы мүмкін»,-деді Игорь Коваленко.

nullСондай-ақ сарапшы Балқашқа шекаралық өзендер келіп құятындығын, оның ішінде Іле өзенінің маңызын атап өтті. Оның 70% Қытай Халық Республикасының территориясында жатыр. Соңғы кезде әлеуметтік желілерде тараған, қазақстандықтардың Балқаштың жағдайына Қытайды кінәлауы жөнінде ол өз пікірін білдірді.

null«Қазақстан территориясында көл суының 30 % ғана жиналады. Сондықтан Балқаштың тағдыры екі елге де тәуелді. Өзендер ресурсын қорғау туралы келісімді Қытаймен 2002 жылы жасағанбыз. Қытай біздің суымызды қоршап алып, бізге бермей қояды деу қате түсінік. Қытай экономикасы жағынан қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі екінші мемлекет. Біріншісі атануына да мүмкін, соған сай ондағы экологиялық түсініктер де алмасады. Қытайда экология министрлігі  пайда болғалы бері алғаш рет эколог басшылыққа келді. Мұның өзі біраз өзгеріс әкеледі. Әйтпесе Қытайдың табиғи ресурстармен күн көруі жақсылықпен аяқталмаған болар еді. Қазір көп елдерде қоршаған ортаны қорғау  түсінігі қалыптасып келеді»,-деді Игорь Коваленко.

nullСондай-ақ ол трансшекаралық өзендер қай мемлекеттің аумағында ағып жатса сол елмен басқарылуы керектігін айтты. Қазір екі тарап арасында су бөлісу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндағы Қазақстанның ұстанымы - Балқашты сақтап қалу үшін ондағы судың деңгейін қажетті мөлшерге көтеру.

null

Соңғы жаңалықтар