Сарапшы: Азаматтарымыздың денсаулығы – бұл абсолютті басымдық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 10 сәуір күні Төтенше жағдай жөніндегі комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің азаматтарымыздың денсаулығы – бұл абсолютті басымдық екенін атап өтті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Асара Мұқанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, Президент вирусты жұқтыру ошақтарын анықтау бойынша жұмыстар барынша ашық, ал барлық мәліметтер жедел режимде жасырылмай жарияланып жатқанын да айтып өтті.

«23 наурызда өткен Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды мәселе деп атады. Жалпы алғанда, аталған Президенттің тапсырмасына сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үлкен көлемде жүргізіліп жатқанына назар аударуға болады. Оған бүгінгі күні барлық қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылған.

Жаңа коронавирус әлемде басты тақырыпқа айналды. Бұл денсаулық сақтау саласындағы дүниежүзілік төтенше жағдай – соңғы жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жариялаған алтаудың бірі. Барлық ақпараттар мен болжамдарға қарамастан, COVID-19 әлі де қаншалықты деңгейде тарайды және нәтижесі қандай болатынын бағалау қиын. Осы белгісіздікке байланысты бүкіл әлем журналистері індет туралы жариялауда көптеген қиындықтарға тап болды, соның ішінде, жалған ақпаратпен қалай күресу керектігі, өз қызметкерлерінің денсаулығы үшін қауіп-қатерді қалай азайту, өз жарияланымдарымен халықтың үрейін тудырмай, қажетті ақпарат алуға қалай көмектесу сияқты мәселелер бар. Сонымен қатар, Қ.К. Тоқаев өз сөзінде айтып өткендей, жағдайды жете бағаламауға болмайды, өйткені немқұрайдылық елдің болашағы үшін ауыр зардаптары бар індеттің қайталануына әкеп соғу мүмкін», - дейді ол.

Журналистер, басқа да Қазақстан азаматтары сияқты өзін-өздері оқшаулауы тиіс, бірақ сонымен қатар олардың жұмысы көпшілік ортада өтеді, ал бұл вирус жұқтырудың жоғары қауіпін тудырады.

«Біз індетпен ғана күреспейміз, біз инфодемиямен де күресеміз», – деді өз сөзінде ДДСҰ бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус 15 ақпанда Мюнхенде өткен қауіпсіздік бойынша конференцияда. Қасақана және әдейі жасалмаған жалған ақпарат, онлайн-мифтер мен қастандық сөз байласу теориялары секілді дизинформация дәуірінде, журналистрер індеттің Қытайда өндірілген тауарлар арқылы таралуы туралы, COVID-19 ғалымдар жасаған немесе белгілі бір ғылыми-зерттеу зертханасында жасалғандығы сияқты жалған ақпараттарды ажыратуға ат салысады.

Бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ пен журналистердің жұмысы күшейтілген режимде жүруде, телеарналардағы ақпараттық блоктар, интернет-басылымдар мен баспа БАҚ ақпараттарды үнемі жариялайды, онлайн режимінде брифингтер өткізіліп тұрады, телеарна операторлары оқиғалардан, соның ішінде медициналық мекемелерден түсірілімдер жүргізуде. Өз сюжеттері мен мақалалары үшін журналистерге әрдайым кейіпкерлер табуы қажет, және олардың үйі мен жұмыс орындарына баруға мәжбүр.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшыларына, біздің қызметімізге сәйкес БАҚ өкілдерімен жиі араласуға тура келеді, әсіресе қазіргі төтенше жағдай режимі кезінде. Біз олардың іс жүзінде 24/7 режимінде қалай жұмыс істейтінін көріп жүрміз, өйткені ақпарат тәулік бойы жаңартылуда, бұл ретте журналистердің бар назары жұмысқа ғана бағытталған. Сонымен қатар олардың да басқа азаматтарымыз сияқты отбасы, балалары, ата-аналары, күнделікті тіршілігі де бар.

Мемлекет басшысының пікірінше ұлт денсаулығы үшін шайқас қаһармандары жеке монументке лайықты. Бірақ, қазірдің өзінде-ақ қазақстандықтар ауыр індеттің таралуымен күрестің алдыңғы шебінде жүрген барлық азаматтарға үлкен алғыс пен ризашылық сезімдерінен тұратын «ғажайып ескерткіш» орнатты.


Соңғы жаңалықтар