USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Саусағынан сақинасын шығара алмаған оқушы құтқарушыларға жүгінді

2021 жылғы 7 желтоқсан 14:57
Бөлісіңіз:
Саусағынан сақинасын шығара алмаған оқушы құтқарушыларға жүгінді

САРАН. ҚазАқпарат - Құтқарушылар 16 жастағы жасөспірімнің саусағынан сақинаны шешті. Саусақ ісінгендіктен сақинадан шықпай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде көлікке қыстырылып қалған екі адам құтқарылды Ақтөбеде 2 көлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды Павлодарда мас жүргізуші ескерткішке соғылған

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға кеше түстен кейін болған.

ТЖД-ға Саран қаласының орталық ауруханасынан 10-сынып оқушысы сақинаны шеше алмай қалғаны және құтқарушылардың көмегі қажет болғаны жайлы хабар түскен. Белгілі болғандай, сақина 5 күн бұрын тағылған және басында оңай алынып, салынған. Бірақ кейіннен бала өздігінен шеше алмаған.

Сақинаны алып тастауға әртүрлі әрекеттер жасалды, тіпті болгаркамен кесуге тырысқан, алайда соның салдарынан саусақ терісін жарақаттап алған. Нәтижесінде саусақ одан да қатты ісініп кеткен.

Құтқарушылар құралдың көмегімен жасөспірімнің ісінген саусағынан сақинаны шығарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT