Саранда Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы іске қосылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Жыл соңында Қарағанды облысының Саран қаласында Орталық Азиядағы ең ірі күн электр стансасы іске қосылады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов күн паркінің аумағын көрді.

- Қазіргі таңда компания бес бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бірінші нысан - күн паркінің құрылысы, екінші нысан - 100-30-30 қосалқы стансаның құрылысы. Нәтижесінде олар қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясына біріктіріледі. Бұған қоса тағы үш жоба бар. Ол «Қарағанды Жарық» ЖШС жүргізетін 110 КВт электр желілерін, ВЭЛ-35 жоғары вольттық желі мен Ару-110 желісін қалыпқа келтіру. Бұл жобалар бізге станса желіге қосылып, электр қуатын шығаруға, оны ұлттық электр желілеріне тарату үшін қажет, - деп мәлімдеді аймақ басшысына «SESSaran» ЖШС бас директоры Евгений Гребенников.

Оның айтуынша, инвестициялардың жалпы сомасы 988 млн теңгені құрады.

- Қазір бағаналық алқаптарды қағу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, оның 60%-ы орындалды. Металл құрылыстарын жинау жүргізілуде, алдағы күндері біз күн панельдерін орнатуды толықтай бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Күн паркінің аумағы 20 инвекторлық қосымша стансаларды орнатуды қарастырады, олар электр қуатын тұрақты тоқтан ауыспалыға айналдыратын болады. Сондай-ақ желінің жағдайы туралы ақпаратты жинақтап, күн сайын мониторинг жүргізеді. Бұл «Смартгин» соңғы буынды өте ақылды машиналар. Мысалы, егер қандай да бір бөлшек бұзылатын болса, ол жайлы ақпарат қоймаға автоматты түрде жеткізіледі. Ол өздігінен жаңа бөлшекке тапсырыс бере алады, яғни барлық процесс толығымен автоматтандырылған. Бұл машиналарды да біз жақын арада орнатамыз. Біздің басты мақсатымыз - қазанның соңына дейін күн паркінің аумағында құрылыс-орнату жұмыстарын аяқтау және қарашада іске қосу-реттеу жұмыстарын орындау. Қосымша стансада біз аптаның соңына қарай күш беретін трансформатордың жеткізілуін күтіп отырмыз, ол біздің стансаның жүрегі болып табылады. Жұмыстар мерзімге сай жүріп жатыр. Біз барлық жоспарларды орындауға тырысудамыз және жыл соңына дейін стансаның іске қосылуы үшін бар күшімізді салудамыз, - деді Евгений Гребенников.

Аймақ басшысын инвесторларда жұмыс барысында мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста қандай да бір қиындықтар туындай ма деген мәселе қызықтырды.

- Біз бұл алаңды қазақстандық климаттық жағдай күн электр стансасы үшін барынша тиімді болады деп есептегендіктен таңдадық. Мұндағы локация жақсы, өте тегіс алқап, құрылысқа ыңғайлы жер, - деп атап өтті бас инвестор «Solamet/GoldbekSolar» бас директоры Йоахим Голдбек.- Осы сәтке дейін инвестицияланған барлық қаражат - менің жекеменшік қаржым. Инвестициялар сенімділікті талап етеді. Мен осылайша өзімнің сенімділігімді көрсеттім деп ойлаймын. Ешқандай қиындықтар туындаған жоқ, барлығы жоспар бойынша жүруде, мемлекеттік қолдаудың барлық түрлерін көріп жатырмыз. Және де жергілікті билік, Қарағанды облысы әкімдігі, барлық мүдделі министрліктер, «ҚазақИнвест» ұлттық компаниясына көрсетіп жатқан қолдауларыңыз үшін алғысымызды айтамыз. Келешекте біз Қазақстанда тағы да қосымша жобаларға инвестиция саламыз, -дейді ол.

Йоахим Голдбектің сөзіне сүйенсек, барлық электр қуаты «SES Saran» ЖШС және «KEGOC» компаниясының есеп-қаржы орталығы арасында жасалған келісімшартқа сай тұрақты бағамен сатылатын болады. Мұндай станса 30 жылдан астам уақыт қызмет етеді, ал электр қуатының құны бір деңгейде қалады.

Сондай-ақ инвестор жоба аяқталған соң әрі қарай Саранға қолдау көрсетуді көздеп отырғанын жеткізді.

- Өткен жылы біз қаланы қолдау бойынша бірнеше міндеттемелер алдық жәнеде оларды толығымен орындаймыз, оның ішінде шеттегі жобалар да бар, - деп атап өтті Йоахим Голдбек.

Ерлан Қошанов жобаны іске қосуды желтоқсанда болатын Индустрияландыру күніне орайластыруды ұсынды.

- Жуырда біздің аймақта жұмыс сапарымен Елбасы болып қайтты, біз оған осы жоба туралы мәлімдедік. Президент мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетуді тапсырды, және де біз сол тапсырманы орындап жатырмыз деп ойлаймын. Бәріміз жобаны желтоқсанда аяқтау үшін күш салып, стансаның ашылуын Индустрияландыру күніне орайластыруымыз керек. Жұмыстардың мерзімге сай аяқталуына барлығымыз да қызығушылық танытудамыз, себебі бұл осы жылдың ең ірі инвестициялық жобалардың бірі, - деді облыс әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, Сарандағы қуаттылығы 100 МВт күн электр стансасының құрылысы 2017 жылы 7 маусымында басталған болатын. Кәсіпорын осы секілді стансалар арасында Орталық Азия бойынша ең ірісі болмақ. Ол 160 гектар аумақты алады, онда 370 мыңнан астам фотоволтаикалық панельдер орнатылады, олар күн энергиясын электр қуатына айналдырып отырады.

Жоба Еуропалық одақтың өкілдері Яна Зонненшайнның (Чехия), Арнольд Беренстің (Германия) және Душан Подгорски (Словакия) бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Базалық серіктестер «Шнайдер Электрик» және «Грасс Инжиниринг» (Германия) компаниялары болып табылады. Жобаның құны 139,5 миллион еуроны құрайды, бір жылдық жобалық қуаттылығы - 145 млн. кВт/с, 4,9 млрд. теңге.

Соңғы жаңалықтар