Саран қаласында оқушылар Елбасы туралы түсірілген деректі фильмді тамашалады

None
None
САРАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Саран қаласының «№ 17 мектеп-гимназиясы» КММ-де білім алушылар, ата-аналар мен педагогтар «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильмдер топтамасын тамашалады.

Бұл цикл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың республикамыздың тәуелсіздігін алу, қалыптастыру және нығайтудағы рөліне арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сын сағат», «Ұйымдасқан ұтады», «Парасатты шешім», «Бір халық, бір тағдыр» және «Болашаққа бастар жол» деректі фильмдерінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарындағы қиындықтар, егемен елдің жетістігі мен болашағы баяндалады.

Көптеген ата-аналар мен мұғалімдер үшін фильмдегі оқиғалар олардың жастық шағын еске түсірді. Әр фильм онлайн режимде талқыланды. Фильмдегі оқиғалардың куәгерлері көрген-білгендері туралы айтты. Оқушылар Тұңғыш Президент күніне арналған сынып сағаттарына фотосуреттер, қабырға газеттерін, отбасындағы ата-әжелерінің, ата-анасының естеліктерін әкелді.

«Сол кезеңде біздің халқымыз тап болған қиындықтар фильмдерде жақсы көрсетілген: жұмыссыздық, тапшылық, жаппай көші-қон, өндірістің тоқтауы және т.б. тағдырдың қалауымен осы күрделі кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің елімізді басқарды. Сонау 1989 жылы Қазақ КСР - нің басшысы болған кезде, Кеңес Одағы барған сайын қиыншылықтарға, анархияға және бейберекетсіздікке душар болған кезде, Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 16 миллион халқының болашаққа деген сенімін ояқтты», - дейді ата-аналар.

Фильмдер топтамасын тамашалағаннан кейінгі талқылаулар барысында және сынып сағаттарында іс-шараларға қатысушылар Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздікке қол жеткізудегі және егемен Қазақстанның қалыптасуындағы айрықша рөлін тағы да атап өтті.

Оның басшылығымен және оның тікелей қатысуымен жас мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі қалыптасты. 1990 жылдардың басында, қоғамның барлық салаларындағы терең дағдарыс дәуірінде ол халықтың болашаққа деген сенімін ақтай алды. Әлемдік тәжірибені талдау, өз халқының тарихын білу және Қазақстанның болашағына деген көзқарасы Н.Ә.Назарбаевқа қазақстандық мемлекеттіліктің өзіндік және бірегей моделін жасауға, инновацияларға жол ашқан және сонымен бірге қазақ халқының дәстүрлеріне адал болуға мүмкіндік берді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың экологиялық проблемаларды шешу, елорданы Алматыдан Астанаға көшіру, «Қазақстан халқы Ассамблеясын» құру және т.б. жөніндегі батыл шешімдері білім алушылардың ерекше назарын аударды. Бүгінгі күні Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың экологиялық саясаты елеулі нәтижелер берді және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ол бастаманы одан әрі жалғастыруда. Астананы оңтүстіктен солтүстікке көшіруге қарсы болғандардың қарасы аз емес еді. Бірақ бүгінгі күні біз бұл шешімнің Тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін зор маңызы болғанын көріп отырмыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы Қазақстан халқының көп этностық және көп конфессиялық құрылымын жоғары деңгейде бекітті», - дейді №17 мектеп-гимназиясының басшылығы.

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің орасан зор тәрбиелік әлеуеті бар және ол Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің барлық сатыларында оқыту мен тәрбиелеу процесіне белсенді түрде енгізілуі тиіс», деп санайды мектеп ұжымы.


Соңғы жаңалықтар