Сара Назарбаева Орыс православ шіркеуінің наградасымен марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу және бүкіл Русьтің Аса киелі Патриархы Кирилл «Бөбек» Республикалық балалар қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваны киелі апостолға тең княгиня Ольганың І дәрежелі орденімен марапаттады, деп хабарлады Қазақстан Республикасының митрополит округінен. Сара Алпысқызы жоғары шіркеулік марапатқа «Астана епархиясына көмек көрсеткені және 75 жылдық мерейтойына байланысты» лайық деп танылған.

Киелі апостолға тең княгиня Ольганың орденін Киелі Патриарх Пимен мен Қасиетті Синод 1988 жылдың 28 желтоқсанынан бастап, Русьтің шоқынуының 1000 жылдығы құрметіне тағайындаған. Киелі Ольга Русьта өзінің діншілдігімен ерекшеленген. Шіркеу оны апостолға тең деп құрметтеп, оның есімін діни әндерінде атайды.

Апостолға тең княгиня Ольганың ордені шіркеулік, мемлекеттік және қоғамдық қызметтің түрлі салаларында қызмет атқарған, сондай-ақ жақындарына қалтқысыз қызмет еткен әйелдер марапатталады.

Соңғы жаңалықтар